Қазақстан • 11 Қазан, 2017

 «Алтын жүрек» қайырымдылық сыйлығына үміткерлер анықталды

1999 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының үздік номинантары анықталды. Биыл «Алтын Жүрек» сыйлығы өзінің 10-шы  мерейтойын атап өткелі отыр. 

 «Алтын жүрек» қайырымдылық сыйлығына үміткерлер анықталды

Бұл жайлы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары  «Бауыржан» қайырымдылық қоры мәлім етті. «Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш келіп түсті. Үміткерлердің қатарында танымал саясаттанушы Досым Сатпаев, жылсайынғы қайырымдылық шарасы «Алматы марафон», кәсіпкерлер Бауржан Оспанов, Нұрлан Смағұлов, «28 петель» клубы, сондай-ақ АҚШ тан келген еріктілер Виктория Шарбону и Элизабет Турнок бар.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары  11 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. «Қайырымдылық»  сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр. 

Шара жылсайын «Бауыржан» қайырымдылық қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «Алтын Қыран» компаниялар тобы, «ПетроКазахстан» АҚ  Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек»- қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді. Жыл бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеді.  2017 жылы «Алтын жүрек» сыйлығына 455 өтініш келіп түсті. Олардың 100-ге жуығы жеке тұлғалардан.

Үміткерлердің қатарында танымал саясаттанушы «Сөз» мәдени-танымдық қордың авторы Досым Сатпаев үздіксіз халық арасында мәдениет саласына өз үлесін қосып жүр.  Жылсайынғы қайырымдылық шарасы «Алматы марафон» шарадан жиналған қаражатты қайырымдылық жолына жұмсайды. Сондай-ақ, американдық Виктория Шарбону мен Элизабет Турнок Тараз қаласында жалғызбасты аналарға баспана беріп, жетім балалар үйлерінде тәрбиеленген балаларға көмек береді.  

Алтын жүрек атына лайық үміткерлерді саралау барысы барлық келіп түскен өтініштер ішінен 3 қазан өткен эксперттік кеңесте әр номинация бойынша 3 үміткерден анықталды. Әр үміткер ұлттық сыйлыққа ұсынылғаны жайлы хабарсыз. Атымтай жомарт жандар мен қайырымдылық жасаған мекемелерді игі істеріне куә болған жандар ұсынады. 

Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділқазылар мүшелігіне қазақстандық қоғамдық қайраткерлері  мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында;  тележүргізуші Адель Оразалинова, спорт журналисі Гений Тулегенов, қазақстандық волейболшы Марина Стороженко, сондай -ақ, «АРТиШОК»  театрының негізін салушы Галина Пьянова мен қоғам қайраткері Асия Ахтанова, жарнамашы Асхат Өскембаев.

 «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы басшысы, «Алтын жүрек» сыйлығының бас үйлестірушісі Гүлзат Рымбайқызының сөзінше «Алтын жүрек» сыйлығының 11 жылдық тарихында қайырымды жандардың қатары 5 есе өсті, 2016-2017 жж аралығында Қазақстан бойынша келіп түскен өтініштер бойынша 29,4 миллиард теңгеге қайырымдылық істері жүзеге асырылған. Ең көп деген игі істер қатарында жетім балаларға қолдау мен спорт және білім саласына қатысы бар шаралардың басым екені анық.

– «Алтын жүрек» тарихы – бұл жалпы Қазақстандық қайырымдылық тарихын бастайды.  Себебі, әр үміткер қоғамның дамуына өз үлесін қосып жатқан жандар.  Жылсайын осы қайырымды  жандар қатары артып келеді. Мәселен6 биыл «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитетіне 455 өтініш келіп түсті.   Атап айтқандай осы күні қайырымды іс жасау көпшіліктің күнделікті атқаратын жұмысының бір бөлшегіне айналды- дейді, өз сөзінде- Гүлзат Рымбайқызы.

Қоғамдық кеңестің мүшесі болған Адель Оразалиеваның пікірінше  «Алтын Жүрек» сыйлығы- бұл қоғамда игі іспен айналысатын жандарды сауапты іспен айналысуға деген құлшынысын арттыратын шара.

Адель Оразалинова:

- «Алтын жүрек» сыйлығы алдымен халыққа қажет.  Себебі, ол қайырымдылықтың нышаны. Кез –келген адам алтын жүрек атына лайық болу үшін тырысады сондықтан мейірімді іспен айналысуға өз ерік –жігерін арнайды. Ал оларды бұл істері үшін бағалау артықтық етпейді. «Алтын жүрек» - алдымен адамдарды бір арнада тоғыстырады өйткені, жақсылықтың шекарасы өлшеусіз.

Танымал қазақстандық саясаттанушы журналист, Айдос Сарым «Алтын жүрек» сыйлығы қайырымдылық тарихына жаңа тұлғалардың есімдерін енгізеді. Әсіресе қоғамда өз игі бастамаларын жар салмайтын атымтай жомарт жандарға алғыс айтуға мүмкіндік береді.

Айдос Сарым:

- Мені қайырымыдылықпен осы күні жан-жақта, сонау алыс ауылдарда мүмкіндік тауып айналысатын жандар таң қалдырады. Себебі, кезінде қайырымыдылықпен тек ірі комапниялар мен  мүмкіндігі бар кәсіпкерлер ғана айналысатын. Алтын жүрек- халық таңдауы. Халықтың атынан мейірбан жандарға алғыс айту мүмкіндігі деп білемін.

 «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2017 жылы 27 қазан сағат 19:00де, Алматы қаласы, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты рәсімінде марапатталады.